Омикрон штамынан қауіптенген кейбір елдер қайтадан локдаун енгізуге мәжбүр. Ал кейбір мемлекеттер керісінше, вакцинаға сенім артып, экономиканы құлдыратқысы келмей отыр. Ұлыбритания билігі де індетке шалдыққандар саны күніне жүз мыңға жеткеніне қарамастан шектеу енгізуге асығар емес. Толығырақ Заңғар Санай айтады.
Германия омикронның белең алуына байланысты пандемияның бесінші толқынына дайындалып жатыр. Елде жаңа штамның бірнеше жағдайы ғана тіркелген, бірақ сонда да жаңа шектеулер енгізіліп жатыр. Екпе алғандар мен ковидпен ауырып, айыққандарға қана жұмсықа баруға, қоғамдық көлікке мінуге рұқсат бар. Шектеу желтоқсанның жиырма сегізінен басталады.
Олаф ШОЛЬЦ, ГЕРМАНИЯ КАНЦЛЕРІ:
Коронавирус рождество каникулында үзіліс жасамайды.Сондықтан біз мереке кездерінде де вакцинацияны тоқтатпаймыз деп шештік.Оның сыртында екпе алмаған адамдарға қатаң талаптар жалғасуда. Өз отбасында немесе өзге отбасының екі адамынан аспайтын қонақ шақыруға рұқсат етіледі.
Ал Ұлыбритания шектеу енгізуге асықпай отыр.Алайда індет жұқтырғандар саны күніне жүз мыңға жетті. Португалияда жиырма алтыншы желтоқсаннан бастап түнгі клубтар мен барлар жабылады. Қонақтар санына шектеу қойылады.Жұртшылық қайтадан қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр.
Антонио КОСТА, ПОРТУГАЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Бұл шектеулердің өмірлеріңізге кері әсер етерін түсінеміз. Бірақ тиісті шаралар қолданбасақ Рождество мен жаңа жыл меркеесінің салдары тіпті қиын болуы мүмкін.
Нидерланд елі қатаң локдаун енгізді. АҚШ-та «омикроннан» көз жұмған алғашқы жағдай тіркелді. Бір аптада індет жұқтырғандар саны 73% пайызға артты. Бұл жағдай америкалықтар үшін жаппай вакцина алуға түрткі болды.
Шарлин ВАШИНГТОН:
Қорқыныш бар.Сондықтан тест тапсыруым керек.Кішкентай бауырларым бар.Солардың денсаулығы үшін алаңдаймыз.Бәрімізге қауіп жоқ дегенге көз жеткізуіміз керек.
Мен компанияда жұмыс істеймін.Сондықтан тест тапсыруым керек.Үйде немерем, қарт анам және басқалар бар дегендей.Тест тапсырмайтын болсам, өзгелердің өміріне қауіп тқндіруім мүмкін.
Ғалымдар "дельтаға" қарағанда "омикрон" жұқтырғандардың ауруханаға түсу қаупі төмен. Десек те, жаңа штам тез әрі жылдам таралуда.
З. Санай