Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбедегі мұнай компаниялары «Көкжиде» құмын ластап жатыр

AstanaTV
23.12.2021ж. 20:00
1565
Ақтөбедегі мұнай компаниялары «Көкжиде» құмын ластап жатыр

Ақтөбедегі мұнай компаниялары мемлекет қорғауындағы «Көкжиде» құмын ластап жатыр.  Облыстық прокуратураның мәліметінше, «СНПС Ақтөбемұнайгаз», «КМК Мұнай» және «Ада Ойл» компанияларының мұнай ұңғымалары орналасқан аумақтарда 20 мың тоннадан астам құм бүлінген. Бұдан бөлек, «Ада Ойл» компаниясы «Көкжиде» жер асты суын  рұқсатсыз пайдаланған. Бұл деректер бойынша, үш компанияға жалпы сомасы 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Табиғатқа келтірілген залал - 7 миллиард теңге деп есептелді. Қазір бүлінген топырақты залалсыздандыру үшін арнайы полигонға тасу жолдары қаралуда. Прокурорлар «Көкжиде» аумағындағы мұнай ұңғымаларының жұмысын мүлдем тоқтату мәселесін көтеріп отыр.

Асланбек СӘБИТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралардың негізінде Энергетика министрлігі «СНПС Ақтөбемұнайгаз», «КМК Мұнай» және «Ада Ойл»ЖШС-не қатысты «Көкжиде» құмдары мен жер асты суларының аймағындағы жұмыстарды тоқтату шараларын бастады. Аталған мәселе облыс прокуратурасының бақылауында.


Г. Сейтенова