Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада тұңғыш рет DISNEY киноконцерті өтті

AstanaTV
23.12.2021ж. 20:30
2481
Елордада тұңғыш рет DISNEY киноконцерті өтті

Елордада тұңғыш рет симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Жұлдыздар шеруі» атты концерт өтті. Киноконцерт Disneyдің лицензиясы бойынша қазақ тілінде көрерменге ұсынылды. Бағдарлама арнайы Қазақстан үшін жасалған және көпшілік   назарына кең танымал кинокартиналар композициясы көрсетілді. Туындылар «Болашақ» қорының бастамасымен аударылып, дубляждалған. Игі шараға қатысқан  «Болашак» қорының қамқоршылар кеңесінің құрметті мүшесі  Бауыржан Байбек  жиналған қауымды Тәуелсіздіктің  30 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Болашак» бағдарламасының арқасында мыңдаған ел жастары  әлемнің үздік іргелі оқу орындарында білім алғанын атап өтті. 2011 жылы түлектер қор құрған. Қордың межелі мақсаттарының бірі -қазақ тілінің көжиегін кеңейту болатын. Бұл жолы да билеттен түскен қаражат   инклюзивті білімді дамытуға арналған жобаларға жұмсалмақ.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз 10 жыл бұрын Болашақ қайырымдылық қорын қордық. Осы жылдардың ішінде көп жұмыстар атқарылды, ең бастысы 38 жалпы блокбастерлер голивуддтык қазақ тіліне тікелей ағылшын тілінен аударылды. Елбасымыз айтқандай қазақ тілінде сапалы халықаралық деңгейге сай контенті жастарға ұсынып отырмыз. Мен ойлаймын ол біздің Тәуелсіздігіміздің  үлкен жетістігі.

Киноконцерт барысында Nazima, Динара Сұлтан, Гүлсім Мырзабекова және өзге де әншілер «Арыстан патша», «Салқын жүрек»,«Кішкентай су перісі»  секілді   әйгілі анимациялық фильмдерден композициялар орындады.Ал  оларды «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Қамқоршылар кеңесінің төрайымы  Динара Гаплан, киноконцерт көп жылғы еңбектің жемісі   және  қазақша сапалы контент жасау жолындағы межелі жоспардың жалғасы екенін атап өтті. Игі мақсатқа жиырма екі компания жұмыла демеу көрсетіп 1,5 млрд. тенге бөлген.Қомақты қаражатқа жетекші киностудияларда 38 фильм дубляж жасалған.

Динара ГАПЛАН, «БОЛАШАҚ» ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біз үшін бұл төртінші бірлескен киноконцерт.Бүгінгі концерттің ерекшелігі бағдарламаны арнайы Дисней мен Болашақ қоры бірге жасады.Және оның Орталық Азияда теңдесі жоқ.Әуендердің түгелі қазақша шырқалды. Он бір Оскарды қанжығағы байлады. Қазақстандық әртістердің орындауында жиырма екіден астам композиция орындалады.

З. Санай