Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда" атты конференция өтті

AstanaTV
23.12.2021ж. 20:00
1468
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда" атты конференция өтті

Елордада Тәуелсіздік мерекесіне орай мыңнан аса іс шара ұйымдастырылды. Бұл туралы "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда" атауымен өткен ғылыми конференцияда белгілі болды. Зиялы қауым өкілдері мен түрлі сала мамандары бас қосқан жиында Елорданың 30 жылда жеткен жетістіктерін жіпке тізді. Сондай-ақ, конференция соңында тарихи күнге арналған «Нұр – Султан – Тәуелсіздік тұмары», «Тарихи шешімдер, тағдырлы белестер» және «Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан» атты ән жинағы кітаптарының тұсауын кесті. Жиында болып қайтқан әріптесім Динара Жарқынбек тарқатсын.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өту аясында елордада мыңдаған шаралар өтіп, қазіргі таңда жалғасын тауып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов айтты. Қайрымыдылық іс-шаралары, ғылыми-практикалық конференциялар, театр апталығы мен салалық жиындар сынды ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған.

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ, ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тәуелсіздіктің 30жылдығы Жарқыфраған елорда деген ғылыми парктикалық конференция, жиналыс форум деп айтуға болады. Бұл жиынның ең негізгі мақсаты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында осы 1 жыл ішінде жасалған іс-шаралар жиынтығы. Қорытынды жиналыс деп айтуға болады. Биыл осы идеологиялық бағытта, жалпы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлауға байланысты жасалынған дүниелер соның атқарыл барысы ссоған бір қысқаша қорытынды ретінде  бүгін аранйы жиналып отырмыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлау аясында 1000-нан аса шаралар өтті.

Сондай-ақ, жиын барысында Елордада соңғы жылдары атқарылған жұмыстарға есеп берілді. Соңғы бір жыл ішінде қалада көптеген әлеуметтік маңызы бар орталықтар ашылып, ғимараттар салынды. Мәселен, 3,2 млн шаршы метрді құрайтын көпқабатты тұрғын үй, 15 мектеп салынған. Емханалар мен ауруханалар да бой көтеріп жатыр.

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ, ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Әлеуметтік бағытта аз қамтылған топ өкілдеріне арналған 10 мың пәтер беріліп жатыр, қазіргі кезде де пәтер беру жалғастырылып жатыр. Бұның ішінде жеңілдетілген кредитпен алып жатқанда да бар. Бұның ішінде жастар бағдарламасымен алып жатқандар бар. және бұның ішінде үй кезегімен алып жатқандар да бар. Соның барлығының жиынтығы 10 мың әлеуметтік пәтерлер.

Алқалы жиында тәуелсіздіктің 30 жыл мерейтойына арналған 3 бірдей үлкен кітаптың тұсауы кесілді. "Нұр-Сұлтан" әндер жинағы мен "Тарихи шешімдер тағдырлы белестер" және  "Нұр-Сұлтан тәуелсіздік тұмары" деп аталатын еңбектер өткен тарихтан сыр шертеді. Одан бөлек, қаланың жетістігі мен ұмытылмас оқиғалары баяндалады.

Еркін ҚЫДЫР, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Жалпы тәуелсіздіктің осы 30 жыл ішіндегі еліміздің жүрген жолы сол біздің материалдардың негізінде, кейіпкерлердің негізінде авторлардың негізінде сол оқиғалар ашылады. Біз қандай жолдан өттік, қандай қиындықты еңсердік, бүгінгі жолымыз қандай дегеннің бәрі осы кітапта суреттер арқылы, авторлардың пікірлері арқылы жан-жақты көрсетілген.

Іс-шарада келер жылы да елорданы көркейту үшін көптеген жобалар жоспарланып жатқандығы айтылды. Аталған іс-шаралардың барлығы дерлік Нұр-Сұлтан қаласының 25 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылмақ.

Д. Жарқынбек