Коронавирустың беті қайта бастады. Маңғыстау, Ақтөбе облысы бойынша ковид жұқтыру дерегі мүлдем тіркелген жоқ. Ал жалпы елімізде, өткен тәулікте 342 адамнан ПТР сынамасы арқылы індет анықталды. Республикада 17 мыңнан астам науқас коронавирусқа шалдыққан. Ауруханада жатқан 225 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің өмірі қыл үстінде. 53 науқас өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Эпид ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" белдеуінде ешқандай облыс жоқ. "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта. Десе де, бұл - вирустан толық құтылдық деген сөз емес. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігін ескертеді. Бас санитарлық дәрігер сондай-ақ, жаңажылдық ұжымдық кештерді өткізуге рұқсат берілгенін жариялады.
Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Шағын және орта бизнес объектілері қатысушылардың бәрінде "жасыл" мәртебесі болған жағдайда және санитарлық карантин талаптарын сақтағанда ғана жаңажылдық кештер өткізе алады. Әр өңірдегі шектеу талаптары қандай аймақта орналасқанына байланысты.
А. Данияр