$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Кәмелетке толмаған үш жеткіншекті өлтірді деген күдікпен 14 жастағы жасөспірім ұсталды

AstanaTV
28.12.2021ж. 20:00
984
Кәмелетке толмаған үш жеткіншекті  өлтірді деген күдікпен 14 жастағы жасөспірім  ұсталды

АҚШ-та кәмелет жасқа толмаған үш баланы атып, өлтірді деген күдікпен  14 жастағы жеткіншек  ұсталды. Техастағы жанармай құю станциясының дүкенінде атыс болған. 3 жасөспірім қаза тауып,  1 адам жарақат алды. Гарланд қаласының полициясы  күдіктіні ұстады.  Полиция мәліметінше, көз жұмғандар -14, 16 жастағы жеткіншектер. Ал күдікті туралы толық ақпарат әзірге жарияланбайды.

Педро БАРИНО, ГАРЛАНД ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Біз күдіктіні ұстадық... Ол -14 жастағы жасөспірім. Қазіргі таңда жеткіншек  қамауда, бірақ оған әлі ешқандай айып тағылған жоқ.


А. Дүкембаева