Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ауыл мектептерінің ұстаздары мен мемлекеттік орган басшылары шетелде оқып келу мүмкіндігіне ие болады

AstanaTV
20.06.2016ж. 20:00
1439
Ауыл мектептерінің ұстаздары мен мемлекеттік орган басшылары шетелде оқып келу мүмкіндігіне ие болады

Елімізде ауыл мектептерінің ұстаздары мен мемлекеттік органдардың басшылары шетелде оқып келу мүмкіндігіне ие болады. Тиісті тапсырмаларды бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Білім және ғылым министрлігіне жүктеді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның бүгінгі отырысында "Болашақ" бағдарламасы арқылы білім алуға шетелге аттанатын 137 адамның тізімі бекітілді. Оның ішінде 100 магистрант, 8 докторант және 29 тағылымдамадан өтуші стипендиант бар.

Ғани Нығметов, ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

Ауыл мектептерінің мұғалімдерін «Болашақ» арқылы дайындау, оқыту. Осы мәселе бізге тапсырылды. Біз оны ойластырамыз, және келесі отырыста осы мәселені шығарамыз. Үшінші мәселе - ол біздің мемлекет органдарының басшыларын ең мықты бизнес мектептерінде қайта даярлап алу мәселесін қолға аламыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ