$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Карелиядағы балалардың қазасына байланысты В.Путинге көңіл айтты

20 маусым 2016
843
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Карелиядағы балалардың қазасына байланысты В.Путинге көңіл айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Карелия Республикасындағы балалардың қайғылы қазасына орай Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Мемлекет басшысының суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Елбасы қара жамылған отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қолдау білдіретінін жеткізді.


Еске салсам, Карелиядағы сауықтыру лагеріндегі балалар Сямозеро көліне серуенге шыққан. Үш қайықтың екеуі қатты желден аударылып, 13 бала мен тағы бір ересек адам суға кетіп қаза тапты. Ресей Тергеу комитеті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сапарды ұйымдастырған екі нұсқаушы қамалған. Карелияда 20 маусым қаралы күн деп жарияланды.

Берік ХАСЕНОВ 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар