$484.19 €524.28 ₽5.03
×

ШҚО прокурорлары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында халықтың сұрақтарына жауап берді

AstanaTV
20.06.2016ж. 20:00
1710
ШҚО прокурорлары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында халықтың сұрақтарына жауап берді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында халықпен жүздесіп, мазалаған сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар жалақының кешіктірілуі, сот өкімінің орындалмауы және тұрғын үй мәселелеріне қатысты шағымдарын айтып, тұщымды жауап алды. Толығырақ тілші тарқатады.

Тәуелсіздік даңғылының №29-шы үй тұрғындары қоғамдық қабылдауға жұмыла келді. Олардың үйге жапсарлар салынған кафеге базынасы бар. Айтуларынша, кафеде санитарлық талаптар мүлдем сақталмай отыр. Қолдарында құжаттары мен фото айғақтары бар үй тұрғындары жылдар бойы тиісті органдардың табалдырықтарын торуылдап жүргендерін айтады. Айлайда оң нәтиже жоқ. Енді прокурорларға шағымдарын айтып, көмек күтіп отыр.

Светлана Бережнова: 

Соңғы үмітімізді мемлекеттік орган мен "Нұр Отан" партиясына артып отырмыз. Үйдегі қарт әженің жүйкесі тозды. Көмектері болады деген сенімдеміз.

Прокуратура органы өкілдеріне шағымын айтып Сергей Воронцов та келді. Сергей Николаевич бір жылдан бері жалақысын ала алмай жүр. Сот шешімініне сай жұмыс берушісі 800 мың теңге төлеуі тиіс еді, алайда міндеттерін орындамай келеді.

Сергей Воронцов, Өскемен қаласының тұрғыны:

Әлеуметтік желіде шағым қалдырсам, міндетті түрде көмектеседі, дейді халық. Сондықтан өзім келуді жөн көрдім.

Бүгін прокурорлар 13 адамның мәселесіне қанығып, әр істі соңына дейін жеткізуге уәде берді. Тұрғындар «Қазцинк» ЖШС-не қарасты Риддер тау-кен байыту фабрикасының қоршаған ортаға келтірілген залалын да сөз етті. Прокурорлар шығын еспетелгенін айтады. Ол  4 миллиард 56  миллион  237 мың теңгені құрады.

Бақытжан  Ізғұттинов, ШҚО  қоршаған ортаны қорғау прокуратурасының прокуроры:

Осы залал 16 зиянды заттар бойынша айқындалып отыр. Соның ішінде ең көбі - салынды заттар. Одан кейін тұзды аммоний нитраты, сульфаты сияқты зиянды заттар бар. Жаңағылар негізін құрап отыр залалдың. Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес 30 күннің ішінде аталған соманы бюджетке төлеуі тиіс.

Мамандардың айтуларынша, қазір ағын сулар өзендерге ақпайды. 80-шы жылдары толтырылған арықтар тегіс тексеріліп жатыр. Ал, Риддер тау-кен байыту фабрикасының кесірінен болған оқыс оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы 30 тәулік ішінде «Казцинк» ЖШС айыппұлды өз еркімен төлеуі тиіс. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА