Қытайда
су тасқыны салдарынан 20 адам қаза тапты. Толассыз жауған жаңбырдан соң 30
адам із-түссіз жоғалып кеткен. Елдегі көпірлер мен темір жолдарды су шайып,
байланыс үзілді. Тілсіз жау 2 миллиондай
халықты баспанасынан айырды. Әсіресе елдің шығысы мен оңтүстігіндегі жұрт
айтарлықтай зардап шекті.
Орталық Қытайдағы жағдай да мәз емес. 400 мыңнан аса
тұрғын табиғат әкелген апатпен алысты. Құтқару жұмыстарына әскерилер
жұмылдырылып, 3 миллиондай тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілген. Оларға жылы киім мен азық-түлік тікұшақпен
жеткізілді. Аспан асты еліне келген шығын көлемі еселеп артуы мүмкін. Өйткені
ауа райын болжау мамандары алдағы тәуліктерде Гуйчжоу, Хуанань, Хубэй, Юньнань
провинцияларында тағы да жауын-шашын болады деп болжап отыр.