Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қ. Нұртастың концерті желі қолданушыларының ашуын туғызды

AstanaTV
30.12.2021ж. 20:00
2635
Қ. Нұртастың концерті желі қолданушыларының ашуын туғызды

Эстрада әншісі Қайрат Нұртастың концерті желі қолданушыларының ашуын туғызды. Лық толы зал, ара қашықтық сақталмаған, тіпті бетперде киген жан жоқ.

Бұл видеоны әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялапты. Желі қолданушылары бұл  жаңажылдық кеш екендігін жазған. Сондай-ақ, санитарлық талаптардың мүлде сақталмағанына ашулы. «Коронавирус жоқ", "Ауру тойға бармайды, тек сауда орталықтарында болады», «Бұларға сот жоқ» деген ызалы пікірлер жарыса жариялапты. Желідегі геолокациядан видеоның Қазақстанда түсірілгенін байқауға болады.

Е. Карин