Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шығыс Қазақстан облысында екі адам сібір жарасын жұқтыруы мүмкін

AstanaTV
20.06.2016ж. 20:00
1269
Шығыс Қазақстан облысында екі адам сібір жарасын жұқтыруы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы Қалбатау ауылының екі тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Ал олармен қарым-қатынаста болған 29 адам дәрігерлер бақылауында. Олардың бесеуі бала. Белгілі болғандай, демалыс күндері жайлауда мал бауыздаған екі ауыл тұрғыны өздерін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақыртқан. Науқастардың қазіргі жағдайлары қалыпты, - дейді ақ халаттылар. Ал, сойылған ірі қараның еті зертханаға жіберілген.

Сібір жарасы - аса қауіпті вирустық инфекция. Індет малдан адамға да жұғады. Десе де, жергілікті шенеуніктер алаңдаудың еш қажеті жоқ деп отыр.

Дүйсенғазы Мусин, ШҚО әкімінің орынбасары:

Карантин жарияланған жоқ. Диагноз дәлелденсе ғана, осындай қадамға барамыз, Қазір ауруханада жатқандар сібір жарасын жұқтырды деп нақты айта алмаймыз. Бұл тек күдік қана. Аудандық әкімдік жағдайды бақылауда ұстайды. Тиісті жұмыстар қолға алынған.

Сондай-ақ, Қарағанды өңірінің тұрғындарынан да сібір жарасының белгілері анықталған. Бүгін Шет ауданының 5 тұрғыны облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Мұны облыстық денсаулық сақтау департаменітінің баспасөз хатшысы Айжан Иса растады. Мұнда да тиісті сынамалар алынып, таяуда қорытындысы жарияланбақ. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА