$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қарағандыда «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жарысы аяқталды

AstanaTV
20.06.2016ж. 20:00
3033
Қарағандыда «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жарысы аяқталды

Қарағанды облысында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды. 5 күнге жалғасқан жауынгерлік сайыс жеңімпаздары арнайы кубоктармен марапатталды. Ал, бас жүлдені Семей қаласындағы «Жас ұлан» лицейі қанжығасына байлады.

Мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері мен жоғарғы оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері Спасск оқу-жаттығу орталығында әскери-интеллектуалдық қабілеттерін сынға салды. 16 топқа бөлінген жастардың әскери спорт шеберлігі мен жаңа технологияларды меңгеруіне аса мән берілген. «Менің роботым» номинациясы биылғы «Айбынға» арнайы енгізілген. Бірқатар авиамодельдік ұшақтар мен тікұшақтар сынақтан өткен соң, Қазақстан армиясында жетілдірілетін болады. 

Шалқар Мәкеев, Шығыс Қазақстан облыстық Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» лицей-интернатының ұланы:

Көптеген қиын сайыстар болды. Біз осы қиындықтардан өтіп,1 орынды иеленіп отырмыз. Мұндай жарыстар көп бола бермейді. Біз осы жеңісімізді ұстап қаламыз деп сенімдіміз.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

800-ден астам жас қатысты. 5 күн түрлі пәндер бойынша жарыс өтті. Өздері үздіктерді анықтады. Келесі жылы үшінші әскери-патриоттық "Айбын" жарысы осы Спасск оқу-жаттығу орталығында өтеді деп күтеміз. 

Айжан ҚУАШ