Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда медицина қызметкері бала сатты деген күдікке ілікті

AstanaTV
20.06.2016ж. 20:00
1671
Атырауда медицина қызметкері бала сатты деген күдікке ілікті

Атыраудағы облыстық перзентхана қызметкері "жаңа туған нәрестені сатты" деген күдікке ілікті. 41 жастағы сезікті облыстық перзентханада 5 жылдан бері медициналық құжаттарды тіркеуші болып еңбек еткен. Ол балалы болуды армандап, көмектесуді сұрап келген жергілікті тұрғынға көмектесуге уәде беріпті. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, перзентхана қызметкері жаңа туған нәрестені 5 мың АҚШ валютасына бағалаған. Оның жартысын сатып алушыдан екі ай бұрын алған. Ақ халаттылар мерекесі күні қалғанын олжалап жатқан жерінен құзырлы орган мамандарының қолына түскен. Жымысқы әрекеттерін іске асыру үшін, баланың анасын - 18 жастағы Өзбекстан азаматшасын - көндірген. Қазір "кәмелетке толмағандарды саудалау" бабы бойынша тергеу жұмыстары басталған.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хатшысы:

Сәбидің анасы Өзбекстан Республикасынан келіп, Атыраудағы перзентханада босанған. Осы жағдайды өз пайдасына асырмақ болған медицина қызметкері  жас ананы баласын сатуға алдап көндірген. Қазір күдікті уақытша оқшаулау орнына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК  135 бабы 2 тармағы бойынша жүруде.

Альмира Сабырғалиева, Атырау облыстық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары:

Осы перзентханада 5 жылдай жұмыс жасаған. Осы уақытқа дейін ол кісінің тарапынан оқыс қылықтар байқалмаған. Ал болған жағдайда әйел нәрестесімен ешқандай нәрестесінен бас тартты деген құжат қағаз жоқ. Бұл жағдай өзімізге де тосын жағдай болып отыр. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ