Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтті. Жиында Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі террорлық шабуылдардың салдарынан бүлінген әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мәселелеріне баса мән берілді. Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының біріккен бітімгерлік күштері елорданы қорғау функциясын атқаруына байланысты қазақстандық құқық қорғау органдары күштерінің бір бөлігін босатты. Оларды лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға қатысу үшін Алматыға жіберуге мүмкіндік берді, деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрғындардың мүддесі үшін жағдайды тұрақтандыруға тартылған ведомстволардың жүйелі әрі жедел жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.
А. Данияр