$520.93 €609.07 ₽6.68
×

ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді

AstanaTV
08.01.2022ж. 20:00
708
ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін  өтініштерді қабылдау уақыты мен тестілеу күні өзгертілді. Енді талапкерлер құжаттарын 21 қаңтарға дейін өткізе алады.  Бұл туралы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Құжаттарды тапсыру уақыты магистратура мен докторантураға түсушілер үшін де кейінге шегерілген.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ,  ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

ҰБТ-ға қатысты айтар болсақ тестілеу 10 қаңтардан 25-ші қаңтарға ауыстырылды. Үшіншіден, магистратура мен докторантураға құжаттарды тапсыру мерзімі 24 қаңтарға дейін ұзартылды. 10 қаңтардан басталатын республикалық мектеп олимпиадасы кейінге қалдырылды. Олимпиада енді қаңтар айының 3-ші он күндігінде болады.

Б. Сатуов