Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Өңірлердегі зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісу керек, - Президент

AstanaTV
09.01.2022ж. 20:00
663
Өңірлердегі зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісу керек, - Президент

Еліміздің барлық өңірлерінде ахуал тұрақталды. Бұл туралы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Мемлекет басшысы қазір жағдайдың бақылауға алынған және құқық қорғау органдары әкімшілік ғимараттардың барлығы лаңкестерден тазартылғанын жеткізді. Коммуналдық және халыққа маңызы бар нысандардың жұмысы қалпына келтіріліп жатыр, дед Президент. Сондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы күштік құрылымдар елді мекендерде «тазалау» жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты. Лаңкестердің орналасқан жерін анықтау, ұстау, оларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді жинау және тиісті сараптама жасау жөнінде шұғыл шаралар атқарылып жатыр. Сондай-ақ, полиция органдарына жеткізілгендердің арасында көптеген шетелдік азамат бар. Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың еліміздегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті. Отырыс барысында, Мемлекет басшысы тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырды. Бұдан бөлек, Президент Алматы қаласы мен басқа да өңірлердің әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісу туралы тапсырма берді.

А. Данияр