Еліміздегі жағдайға байланысты саясаттанушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімдерін қолдауға шақырады. Президенттің тапсырмалары елімізді қалыпты жағдайға қайтарады дейді,- мамандар. Ал оған бұқара қолдау көрсеткені жөн, дейді саясаттанушы Елдос Жұмағұлов. Мемлекет басшысының үндеулері орынды және дұрыс қадам екенін айтады.
Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Ол кісінің ойымен толықтай келісемін. Енді ойымызша барлығы дұрысталады деп ойлаймын. Бізде заңды түрде сайланған Президент бар . Сол Президент мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын айқындайтын жалғыз тұлға болғандықтан бүкіл Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдап, еліміздегі жағдайды өз арнасына, қалпына келтіруде халқымыз қолдайды деген ойдамын.
Б. Сатуов