$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Мемлекет басшысының қабылдаған шаралары мемлекеттің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған,- депутат

AstanaTV
09.01.2022ж. 20:00
1266
Мемлекет басшысының қабылдаған шаралары мемлекеттің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған,- депутат

Мемлекет басшысының қабылдаған шаралары мемлекеттің, халықтың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Осылай деген Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова тұрғындарды  Президентті қолдауға шақырады. Сонда ғана ел басына түскен қиындықтарды еңсере аламыз, дейді.  Ең бастысы арандатушыларға бой алдырмау керек екенін айтады.  

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ:

Халқымыз Президентіміздің жанына бірігіп, айтылып жатқан ресми ақпарат көздерінен таралып жатқан барлық деректерге сәйкес тәртіп сақтауға, тыныштық сақтауға шақырамын. Мұның барлығын еңсеру үшін алдымен бірлік қажет болады. Сонымен қатар, ең бірінші біз тыныштық сақтауымыз қажет. Жалпы, күшіміз бірлікте.

А. Данияр