Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қаза тапқан сарбаздарды әріптестері еске алды

AstanaTV
10.01.2022ж. 20:00
1234
Қаза тапқан сарбаздарды әріптестері еске алды

Еліміздің барлық өңірлеріндегі әскерилер мен полицейлер тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әріптестерін  бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қызметте жүріп , шейіт болған Ұлттық ұлан сарбаздары Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановтың жасы небәрі 18,19-да еді. Бейбіт күннің батырлары бүлікшілерге қайсарлықпен қарсы шығып, өз міндетін абыроймен атқарды. Ел тыныштығы үшін жанын аямай, ерлікпен қаза тапты.  Оларды әріптестері ешқашан ұмытпайды. 


Оразалы БЕЙІСБЕКОВ, МАРҚҰМ М.ҚАЙСАРОВТЫҢ ӘКЕСІ:


Әрине, бұл әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан ұлым үшін ерекше құрмет.  Жалғыз ұлымнан айырылу өте ауыр. Енді ешқашан бұндай жағдай қайталанбаса екен. Аналар әскерге кеткен балаларын аман есен қарсы алсын деп тілеймін.

Қанат БЕЛЯКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Ұлттық ұланның бүкіл әскери бөлімдерінде қаза болған еліміздің азаматтарын қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерін еске алып отырмыз. Қарулы күштер және Ұлттық ұлан жеке құрамдары бүкіл өңірлерде конституциялық заңдылықтарды қалпына келтіру операцияларға қатысып өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап жатыр.

А. Қуаш