Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордада ҰҚК полковнигінің мәйіті табылды

AstanaTV
10.01.2022ж. 20:00
1211
Елордада ҰҚК полковнигінің мәйіті табылды

Елордада ұлттық қауіпсіздік комитеті полковнигінің мәйіті табылды. Бүгін сондай-ақ, Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменов көз жұмған.   Алматы облысынан да осындай суыт хабар келді.  Тағы бір жоғары лауазымды полицей қайтыс болған. 

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полковнигінің мәйіті таңертеңгісін осы жерден табылған. Көршілердің айтуынша, ол осы үйдің 6 қабатында тұрған.  Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұны  растады. Бірақ  марқұмның қалай қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Ал көршілері ол азаматты  көп көре бермейтіндерін  айтты. Тіпті отбасы бар ма жоқ па оны да білмейміз дейді.

БЛИЦ:

- Біз таңертең сағат 7-де үйге келдік. Келсек полиция қызметкері күйеуімнен есікті ашуға көмектесуін сұрады. Сөйтіп күйеуімнен бұл кісіні танисыз ба деп сұрады. Ал күйеуім бірнеше рет қана көргем деді.
 
- Полиция қызметкерлері таңертең пәтерлерді аралай бастады.Таңертеңгі сағат 7-де. Біз сонда білдік. Сыртқа шықса ол жерде жатты.


Ал Таразда Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменов көз жұмды.  Департаменттің  баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растады. Қазір қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатқанын айтты.    Бүгін сондай-ақ, Алматы облысынан да қаралы хабар келді.  Түрксіб аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары қайтыс болған.  Алматы полиция департаментінің мәліметінше ол жұмыс орнында жантәсілім еткен.   

Б. Сатуов