Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда екі экстремистік топ құрықталды

AstanaTV
10.01.2022ж. 20:00
832
Алматыда екі экстремистік топ құрықталды

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі экстремистік топ құрықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, заңға қайшы әрекеттерге үгіт  жүргізді деген күдікпен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталған.   Тексеру барысында олардан атыс қару- жарақтары,  дыбыс гранаталары мен оқ-дәрілер,  діни әдебиеттер тәркіленді. Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар  шетел азаматы.  Тергеу барысында оның  Қазақстанға билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгені белгілі болды. Жедел және тергеу шаралары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, Алматы қаласы  Полиция Департаментінің мәліметінше,  тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды. Мегаполистегі жаппай тәртіпсіздік пен террорлық актіге қатысушыларды іздестіру және ұстау бойынша іс шаралар жалғасуда. Соңғы бір тәулікте лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарды жасады деген күдікпен 500-ден астам адам қамауға алынған. Ал жалпы  елімізде Ішкі Істер Министрлігінің дерегінше, соңғы тәулікте 8 мыңға жуық адам ұсталды. 

А. Дүкембаева