Шымкентте жағдай тұрақты. Мегаполисте жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен полицияға 2716 тұлға жеткізілген. 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 175-і 15 тәулікке қамауға алынып, 2 тұлғаға айыппұл салынды,- дейді шаһардың бас полицейі. Екі күдікті жалдамалы пәтерден ұсталған. Оның бірі -Алматы облысының тұрғыны. Тексеру кезінде олардың бірінен 4 дана 5,45-мм калибрлі оқ-дәрі және әртүрлі маркалы 42 ұялы телефон, 4 ноутбук тәркіленді. Коменданттық сағат режимін бұзған 33 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 25-і қамауға алынды. Қаланы тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүлінген дүниелер біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр.
Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Бұғаттау бекеттерінде 7000 автокөлік тексерілді. Жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 8 азамат ұсталды. Автокөлікті тексеру кезінде 1 газ тапаншасы тәркіленді. Күдіктілерден 6 патроны бар 16-мм калибрлі тұмсығы кесілген қару, 5 жауынгерлік патроны бар 9-мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған 1 травматикалық тапанша, 7,62-мм калибрлі 67 жауынгерлік патрон және 5,45-мм калибрлі 3 жауынгерлік патрон тәркіленді.
Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде 45 полиция қызметкері жарақаттанған. Қайтыс болғандар жоқ. Жеңіл жарақат алған тәртіп сақшылары қайта жұмысқа кірісті деп хабарлайды полиция депертаменті.
А. Төребекқызы