Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен пошта жұмысы жанданды

AstanaTV
10.01.2022ж. 20:00
532
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен  пошта жұмысы жанданды

Елімізде Алматы қаласы мен Алматы облысынан басқа өңірлерде  Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жанданды.   Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ресми мәлімдемеге сүйенсек, тұрғындарға  кез келген қызмет түрі қолжетімді. Тек Жамбыл облысының азаматтары  жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеу  қызметтерін уақытша пайдалана алмайды.  Сонымен қатар, интернет-байланыстың жұмыс істеу кестесі бойынша барлық өңірде "Қазпошта" Акционерлік қоғамы халыққа қызмет көрсете алады. Зейнетақы мен жәрдемақыны пошта бөлімшелерінен алуға болады.  Банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.