Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Республика бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 1,5 мың адам жауапқа тартылды

AstanaTV
10.01.2022ж. 20:00
1029
Республика бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 1,5 мың адам жауапқа тартылды

Республика бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 1,5 мың адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысында белгілі болды. Жауапты ведомство басшылары заң талаптарына бағынбау және аса маңызды әрі стратегиялық нысандарға шабуыл жасау фактілерінің қатаң түрде жолы кесілгені жөнінде мәлімет берілді. Алматыдағы «Барлық» және «Алтын Орда» базарларын тазарту барысында 207 адам ұсталған. Олардан ұрланған 5 автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер, қалқандар тәркіленіпті. Сондай-ақ, елді-мекендерге орнатылған блок-бекеттердің саны 93-ке жеткен. Негізгі күш-жігер қазір террористердің мекенжайын анықтап, ұстау жөніндегі шұғыл шараларға бағытталып отырғаны баяндалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру ісін жалғастыра беруді тапсырды.