Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде 120 адам медициналық көмекке жүгінген

AstanaTV
11.01.2022ж. 20:00
1065
Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде 120 адам медициналық көмекке жүгінген

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Шымкентте  120 адам медициналық көмекке жүгінген. Түрлі дене жарақатын алғандардың 48-і қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.  Бес адам жан сақтау бөлімінде. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,  жарақаттанғандардың  48-і тәртіп сақшысы.   Атылған оқ пен лақтырылған тастан жарақат алғандардың арасында әскерилер де бар. Әкімдік маңындағы күзетте тұрған 21 жастағы сарбаз иығынан жараланған.  

Сол акиматтың алдында, шамамен сағат екілер шамасында, и оқ тиді маған.Жедел  қызмет алып келді больницаға. Сол есімде. –оқ тиді ма қандай жарақат? –травматикалық .  

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Көбісінде ұрып-соққан жарақат. Және оқ дәрісімен, сұғылған жарақаттар, жырылған жарақаттар. Әрине, қайтыс болғандар болды.  


Дүрбелең сәтте науқастарға көмек көрсетуге барған жедел жәрдем қызметіндегілерге де жиналғандар тарапынан шабуыл жасалған. Үш қызметкер жеңіл  жарақат алды.  Екі фелдьшер амбулаториялық ем қабылдап жатыр деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.  Сондай-ақ, бүлікшілер 7 көлікке тас лақтырып, зақым келтірген.  Айта кетейік, Шымкентте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер  әлі көп.   Бұрындары тәулігіне 1,5 мыңдай шақырту болса , қазір күніне 2500-дей адам алғашқы дәрігерлік көмекке жүгінуде дейді мегаполистің бас дәрігері.

А. Төребекқызы