Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстан басшысының шешімі дер кезінде әрі дұрыс қадам, - Еуропарламент депутаты

AstanaTV
11.01.2022ж. 20:00
835
Қазақстан басшысының шешімі дер кезінде әрі дұрыс қадам, - Еуропарламент депутаты

Қазақстан басшылығының ел ішінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған шешімдері дер кезінде жасалған қадам. Шетелдік сарапшылар мен саясаткерлердің пікірі осыған саяды. Еуропарламент депутаты Тьерри Мариани де, Батыстық БАҚ өкілдері жағдайды бұрмалауға тырысты деп есептейді. Ол мұндай кезеңде жағдайды өз пайдасына жаратуға ниетті адамдар болатынын жоққа шығармайды.

Тьерри МАРИАНИ, ЕУРОПА ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
 
Еліңізде болған ауыр жағдайды бақылап отырмын. Батыстың ақпарат құралдары жағдайды бұрмалап көрсететіні анық. Дегенмен достық пен келісім салтанат құрған елдегі келіспеушілікті көру кез келген патриот үшін ауыр соғатынын білемін. Қазақстан - қолдау мен ынтымаққа лайық мемлекет, әсіресе осындай қиын кезеңде.

Б. Сатуов