Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Nur Otan» партиясының мүшелері сындарлы сәтте халықтың ортасында болып, сабырға шақырды

AstanaTV
11.01.2022ж. 20:00
617
«Nur Otan» партиясының мүшелері сындарлы сәтте халықтың ортасында болып, сабырға шақырды

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының  мүшелері сындарлы сәтте халықпен бірге болып,  сабырға шақырды. Бейбіт келісімге келу, ғимараттар мен мемлекет мүлкін бүлдірмеу мақсатындағы түсіндірме жұмыстары нәтижелі болды,- дейді   партия филиалы төрағасының  бірінші орынбасары. Депутаттар, мәслихат хатшылары мен қоғам белсенділері   тұрғындарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  нақты тапсырмаларын орындау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, ауызбіршілік танытуға үндеуде.  

Мейірім ҚАЛАУИ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаған, түсіндіру жұмыстарын жүргізген осы атыраулық белсенділер екенін, соның ішінде, «Nur Otan» партиясының мүшелері екенін баса айтқым келеді. Бұл өз кезегінде диструктивті жағдайлардың болмауына, әртүрлі диструктивті бағыттағы пікірлердің, қимылдардың конструктивті бағытқа айналуына өзінің септігін тигізді деп  айтуға болады.

Б. Нәдірқызы