Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Қазақалтынға» қарасты кен орнындағы жанжалда қару қолданылған

AstanaTV
20.06.2016ж. 20:00
1825
«Қазақалтынға» қарасты кен орнындағы жанжалда қару қолданылған

Ал «Қазақалтынға» қарасты кен орнындағы жанжалда қару қолданылған. Бұл туралы Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге қаруды кім қолданғаны белгісіз. Ал жарақат алғандар арасында оқ тигендері бар ма, жоқ па, оны сақшылар айтпай отыр. Бұған дейін әкімдік өкілдері жанжал кезінде 14 адам зардап шекті деген болатын. Бүгінде екеуі әлі де ауруханада жатқаны белгілі болды.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Күзет қызметкерлері қолдарында болған қаруды қолданған. Қазіргі күні олардың қару қолдануы қаншалықты заң аясында болғаны анықталуда. Олар адамдарға әлде ауаға атты ма, ол да тергеу барысында белгілі болады. Тергеу соңында күдіктілердің қатарында күзет қызметкерлері де, кен орынның жұмысшылары да болуы мүмкін. Барлығы тергеу амалдарынан кейін белгілі болады.

Еске салсам, өткен жұма күні «Қазақалтын» компаниясына тиесілі шахтаның бірінде компанияның қарауылы мен жұмыскерлері  жанжалдасқан. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, компания күзетшілері ауысым соңында жоғарыға көтерілген жұмысшылар арасында заңсыз алтын іздеушілер бар екенін анықтаған. Жанжал сол кезде туындаса керек. 

Берік ХАСЕНОВ