Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Алматы әуежайы ертеңнен бастап жұмысын бастайды

Алматы әуежайы ертеңнен бастап жұмысын бастайды

Алматы әуежайы ертеңнен бастап жұмысын қайта бастайды. Бірақ  коменданттық сағат режиміне сәйкес  әуежай жұмысы 08:00-ден 21:00-ге дейін жүзеге асырылмақ.  Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. Ішкі және халықаралық рейстер  орындалады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында терминалға  жолаушылар  ғана кіре алады.  Қазір әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, келген шығын есептеліп жатыр. Естеріңізге салайық, жаппай тәртіпсіздік кезінде лаңкестер әуежайды басып алып, талқандаған болатын. Жоспарланған рейстердің барлығы тоқтатылған.

Ә. Дүкембаева