Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылордада тәртіпсіздік кезінде бүлінген ғимараттарды жөндеуге жастар да атсалысуда

Қызылордада тәртіпсіздік кезінде бүлінген ғимараттарды жөндеуге жастар да атсалысуда

Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер  8 мемлекеттік нысанның есік-терезелерін қиратып, өртеген, тонаған. Бүлінген ғимараттар  біртіндеп қалыпқа келтірілуде. Жөндеу жұмыстарына ерікті түрде қала тұрғындары мен  белсенді жастар атсалысуда.  Ең қатты зардап шеккен-орталық алаңда орналасқан облыстық сот ғимараты. Нысанның  70 пайызына зақым келген.   Еріктілер қазір  ғимарат ішіне тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.   

Болатбек АЙТБЕНБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛАР ФРОНТ ОФИСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Соттың кітапханасы мен музейін барынша қауіпсіз, таза жерге көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жақта қыз балалар болса, мына жақта ер балалардың осы қираған заттардың барлығын мына жерге үйіп, сыртқа қарай тасып жатқан жайлары бар.

М. Тоқтасынқызы