$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еліміздің 14 өңірінде терроризмге қарсы операция аяқталды

AstanaTV
13.01.2022ж. 20:00
1823
Еліміздің 14 өңірінде терроризмге қарсы операция аяқталды

Елімізде  14 өңірде терроризмге қарсы операция аяқталды. Бұл аймақтарда лаңкестік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі  алынып тасталды. Олар -Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс, Батыс пен Солтүстік Қазақстан және Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар мен Түркістан облыстары. Бұл туралы терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штабы мәлімдеді.  Ал  Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және басқа да қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары әлі де жүргізілуде. Сондықтан аталған өңірлерде террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі сақталады.

Б. Сатуов