Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"СOVID-19 эндемиялық инфекцияға айналып жатыр",-ДДСҰ

AstanaTV
13.01.2022ж. 20:00
835
"СOVID-19 эндемиялық инфекцияға айналып жатыр",-ДДСҰ

Індеттің тарауы азаймаса, коронавирус түрлене береді. Бұл туралы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Сарапшылар  эпидахуалды болжау қиындап бара жатқанын айтты. Өйткені вирус мутацияға ұшырап, өзгеріп жатыр дейді. Бұған дейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус, әлем елдерінің 90 пайызы халықтың 40 пайызын ковидке қарсы егу жоспарын орындаған жоқ. Африкалықтардың 85 пайызы әлі вакцинаның бірінші дозасын алмағанын мәлімдеген болатын. Бұл да жағдайды күрделеніп отыр дейді сарапшылар.

Мария Ван КЕРКХОВЕ, ДДСҰ ШҰҒЫЛ АУРУЛАР БӨЛІМІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Вирус эндемия сипатына айналып жатыр. Бұл анық. Дегенмен қазір пандемия белең алып тұр: сырқаттанушылық көрсеткіші өсіп барады, оған қоса елдердің денсаулық сақтау жүйесіне де ауыртпалық түседі.

Ә. Дүкембаева