$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қостанайда жылу орталығы өртеніп, 300-ден астам көпқабатты үй жылусыз қалды

AstanaTV
13.01.2022ж. 20:00
994
Қостанайда жылу орталығы өртеніп, 300-ден астам көпқабатты үй жылусыз қалды

Қостанайда жылу орталығы өртеніп, 300-ден астам көпқабатты үй жылусыз қалды. Оқиға жылу –энергетика орталығының КЖБИ шағын ауданындағы нысанында болған. Мұндағы нөмірі үшінші  қазандықтың басқару станциясының қалқаны тұтанып, барлық электр кабельдері жанып кетті. Өртті  өршітпеу үшін мамандар қазандық жұмысын тоқтатқан.  

Асылхан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кабель-каналдар мен трансформатор жанды.Өрт аумағы 50 шаршы метр.Өрттің неден шыққанын анықтау үшін зертхана мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Орталыққа қосылған барлық тұрғын үйлерге қосымша қазандықтардан жылу беріле бастады.Ал апат болған қазандықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Виктор ШМЫГЛОВ, «ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКА ОРТАЛЫҒЫ» КОМПАНИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жедел штаб құрылды. Жағдай бақылауда. Қазір апат болған нөмірі үшінші қазандықты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарды алаңдамауға шақырамыз.

З. Санай