Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Билікте кадрлық ауыс-түйіс болды

AstanaTV
21.06.2016ж. 20:00
1235
Билікте кадрлық ауыс-түйіс болды

Билікте кадрлық ауыс-түйіс. Бүгін Президент Әкімшілігінің жетекшісі ауысты. Енді бұл міндетті Әділбек Жақсыбеков атқаратын болды. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі үлкен сенім білдіретінін жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Президент аппаратының басшысының өзгеруіне байланысты, сіздерді шақырып отырмын. Таныстырайын деп. Нұрлан Зайруллаұлы бүгін Парламенттің депутаты болып тағайындалды. Сондықтан оны аппарат басшысынан босаттым. Аппараттың басшысы деген президент үшін өте маңызды. Сенімді, өте білгірлікті қажет ететін қызмет. Оған Әділбек Рыскелдіұлын қайта қайтаруды ойладым. 

Президент Нұрлан Нығматулинге алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев оны Мәжіліс спикері қызметіне ұсынды. Ал бұған дейін екі рет Астана әкімі болған Әділбек Жақсыбековтың креслосына Әсет Исекешов отырмақ. Ол 2010 жылдан бері Инвестиция және даму министрі қызметінде болды. Ал аталмыш ведомоствоны 45 жастағы Жеңіс Қасымбек басқаратын болды. Бұған дейін ол вице-министр болатын.