$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Допинг дауына Үкімет араласты

21 маусым 2016
1581
Допинг дауына Үкімет араласты

Допинг дауына Үкімет үн қосты. Премьер-министр тиісті министрлікке спортшыларды алдымен өзіміз тексеретін зертхана ашу қажеттігін тапсырды. Саңлақтар салқын саясаттың құрбанына айналмауы керек. Үкімет отырысында жаңбыр кезінде "жүзіп" кеткен Алматы қаласының әкіміне де жауап беруге тура келді. Және жекеменшік тұрғын үй салуға инфрақұрылым тарту үшін өңірлердегі әкімдіктерге қанша қаражат берілетіні белгілі болды. Мөлдір Бақыт-Қызы тарқатады. 

Премьер -министр жиынды өткір сұрақтардан бастады. Күн тәртібінен тыс. Ол - елді дүрліктірген допинг дауы. Дүниежүзілік додада Қазақстанның абройын қорғап жүрген спорт саңлақтары арандап қалмауы тиіс. Олардың қан құрамы елде толық тексерілуі қажет. Ол үшін Мәсімов Ұлттық олимпиада комитеті мен министрлікке жаңа зертхана сатып алуды тапсырды.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Мен ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне, Құлыбаев мырзаға тиісті өтінішті жолдағым келеді. Бізге, спортшыларымыз осы сынақтан лайықты деңгейде өтуі үшін, барлық шараны істеуіміз керек. Бірінші кезекте жақсы зертхананы сатып алу қажет. Жеке демеушілерді де тарту керек шығар. Біздің спортшылар жарыстарға қатысар алдында осы тестілеуден өтуі керек. Яғни бұл шаралар кейіннен тосын жағдай болмас үшін қажет. Сонымен қатар, спортшылар бұл сынақтан өткен кезде өздеріне сенімді болуы үшін де керек болып тұр. Әлем өзгеріп жатыр, спорт та.

Алып шаһар Алматының «жүзіп» кеткені де назардан тыс қалмады. Интернеттегі суреттерді, оның ішінде көшенің қақ ортасында қалқып жүрген «Тесла» көлігін Премьер-министр де көріпті.

Прославился наш город любимый в отрицательном смысле, благодаря плавающей Tesla. Залило все водой в переходе.

Төтенше жағдайды қағытпа қалжыңға айналдырып жібергендер көп. Басты кейіпкер - Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, жаңа қосылған аумақтармен бірге қазір Алматыда 28 өзен ағады. 17 маусымда 94 жер су астында қалған. 25 жекеменшік үй, 36 көп қабатты аула. Қазір арықтар бойы бекітіліп жатыр. "Қазгидрометпен" тығыз байланыс орнаттық. Енді жаңбыр себелеген бойда, техника жерді бірден құрғата бастайды" деген әкімінің сөзіне Мәсімов күдіктене қарады.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Я планирую в ближайшее время приехать к вам. Хочу на месте посмотреть то, о чем вы сейчас говорили. На месте ногами пройдем и посмотрим все, что вы сказали, и все, что есть на самом деле. Я потом дату определю.

Жыл соңында Қашаған 500 млн тонна «қара алтын» береді деген жоспар бар. Энергетика министрі бүгінде жөндеу жұмыстарының 87 пайызы аяқталғанын айтты. Айтты да, тілін тістей қалды.

-Все идет к тому, что, возможно, но хочу два раза сплюнуть.- Если через левое плечо, то на Досаева, если через правое, то на Бишимбаева. - Как бы ни плевать, главное - в октябре запустить, Карим Кажимканович.

Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім өсімі жоспардағы 0,4 емес, 0,2 пайызды ғана құрады. Оған мұнай өндірісінің - 4,4 пайызға, көмір - 10,5, кен-металл - 23,1, мұнай өңдеу - 1,2, машинақұрастыру - 28 пайызға төмендеуі себеп. Минусқа кетпеудің амалы Қашағанды қауырт іске қосып, 1 млн тонна қосымша мұнай өндіру, сөйтіп жылына 75 млн тонна қара алтын алу. Мұнай өңдейтін үш зауытта жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын жеделдету арқылы қосымша 150 мың тонна мұнай өңдеуге міндеттеу. Өндіріс орындарына түсетін салмақты азайту үшін, электр энергиясын аразандату шаралары қолға алынбақ. Оған қоса, былтыр "Нұрлы жолға" бөлініп, игерілмей қалған қаражат өндіруші кәсіпорындарға 5 пайыздық несие ретінде берілмек. Ол Зейнетақы қорынан бөлінген-тін.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Барлығы 155 млрд теңге өңдеуші кәсіпорынды "Бәйтерек" арқылы қаржыландыруға бөлінеді. Ол сома 2017 жылы шілде айында қайтарылуы тиіс. Демек, қаражат бір жылға беріледі. Қазіргідей несие көздері тапшы кезде бұл өндіріске көп-көрім демеу болады.

Сондай-ақ, Үкіметтік арнайы резервтен 91,5 млрд теңге бөлінеді. Жұмыспен қамту жол картасына 30 млрд. Ол тұрғын-үй коммуналдық мекемелер, әлеуметтік нысандарды жөндеуге жұмсалады. Оған жұмыссыз жастар тартылады деген есеп бар. Өткенде Президент айтқан «тәртіпсіз» жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы осы болса керек. Ал жекеменшік тұрғын үй салуға инфрақұрылым тарту үшін әкімдіктерге 23,9 млрд беріледі. Тағы 20 млрд ауылдарды жылдам интернетпен қамтуға қаралған. Экономиканы демеуге қаралған бұл қосымша қаражаттың бөлінуін мемлекеттік комиссия келесі сейсенбіде шешуі тиіс.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар