"Chevron" компаниясының бас директоры Майкл Вирт қазақстандықтарға қолдау білдірді. Президентке жолдаған хатында компания басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бүкіл Қазақстан халқына көңіл айтып, қазіргі қиындықтарды тезірек еңсеруді тілейді. Сондай-ақ, Майкл Вирт біздің елдегі өз кәсіпорындарының қызметкерлеріне теңіздегі тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін бар күшін салатынын хабарлады. Хаттың көшірмесі АҚШ-тағы Қазақстан Елшісі Ержан Ашықбаевтың Твиттердегі парақшасында орналастырылған. Дипломат ел Үкіметі инвесторлардың сенімін сақтау үшін барлық шараларды қолданатынына сенім білдірді.
Б. Сатуов