$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкенттік ең жас автоэлектрик күніне екі-үш көлік жөндейді

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
840
Шымкенттік ең жас автоэлектрик күніне екі-үш көлік жөндейді

Шымкенттік Самандар Гайратов еліміздегі ең жас – автоэлектрик. 12 жасар жеткіншек көліктің электр бөлігін жөндеу бойынша  алдына жан салмайды.   Білікті маманды жұрт жан-жақтан арнайы  іздеп келетін көрінеді. Жас шебер бұл кәсіпті қайдан меңгерді, қолынан тағы не келеді? Тілшіміз Айзада Төребекқызы айтады.

12 жасар Самандар Гайратов   темір тұлпарлардың ең маңызды бөлігі яғни электрлі жабдықтарын жөндейді. Жас шеберге  күніне көлігі оталмай, жарығы жанбай қалған секілді түрлі ақаумен күніне кем дегенде  2-3 адам көлігін тексертіп кететін көрінеді. Акустикалық колонка қойдыратындар да Самандарды іздеп келеді.

Самандар ГАЙРАТОВ, АВТОЭЛЕКТРИК:

Бұл машинаға буфер қою керек, колонка. Удар ұру үшін...Бас.. Мынау проводы. Қазір осыны тартамыз. Мынау екі көк сымды магнитофонның артына жалғаймыз, қызыл сымды аккумуляторға тартамыз.

Бұл жжас жеткіншектің сүйікті ісі. Тек сабақтан босаған кезде ғана  айналысады.   Ал оны арнайы іздеп келетіндер өте көп. Қала тұрғыны Әділет Тұрдыхан жасөспірімнің шеберлігіне  тәнті екенін айтады.   Ол өзінің от алмай қалған көлігін сүйреп әкелген кезде Самандар дем де жүргізіп беріпті.   

Әділет ТҰРДЫХАН, ШЫМКЕНТ қ. ТҰРҒЫНЫ:

Жақсы істейді, колонка жалғайды, электрик жағынан, жаңағы стартері бәрін көре береді ғой. Осы бала істеп береді маған. Алты жылдан бері осыған келем. Жақсы істейді. Сүйреп әкеліп тастаймын, оталдырып жібереді ғой.


Ұлының қызығушылығын әкесі байқаған. Сосын бұл шаруаға 6 жасынан баулыпты.  Осыған дейін бірде бір рет қателескен жоқ, еш жерде мүлт кеткен емес дейді.  

А. Төребекқызы