Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда бүтін бір шағын ауданда 10 жылдан бері жол жоқ

AstanaTV
21.06.2016ж. 20:00
2174
Атырауда бүтін бір шағын ауданда 10 жылдан бері жол жоқ

Атыраудың іргесіндегі "Көктем" шағын ауданының тұрғындары жолға зәру. Олардың айтуынша, халықтың қоныстанғанына 10 жыл болған, бірақ проблеманы шешуге шенеуніктер бас ауыртпайды. Ашулы топ облыстық әкімдікке шағым айтпақ боп бет алған еді, бірақ оларды нөкерлерімен келген ауыл әкімі тоқтатты. Жиналғандар: "Жаңбыр жауған күндері үйден қарыс қадам аттап шығу мұң. Тобықтан келген балшықта жаяу жүргінші түгілі, автокөлік те жүре алмайды. Мұндайда 5 шақырым жердегі мектепке қатынайтын балалар сабақты ұмытады,"- деді. 

Сабыр Жұлмағамбетов:

8 жыл ішінде 2 үй өртеніп кетті, пожарныйлар асфальтта, трасса бойында тұрды. Тірідей өртеніп кетті адамдар, 4 бала кетті, ешкім келген жоқ. Қызым 6 жастағы нолевойға барғанда, 60 күн барды тек тоғыз айдың ішінде. Өзім 1-ші топтағы мүгедек болғасын, жолдасым жұмыста болғасын алып бара алмаймыз.

Шынар Тершубаева:

Әкім қазір келді, бізге уәде берді. Біресе шілде дейді, біресе тамыз дейді, біресе қыркүйек дейді. Бізде мына жерде жаңбыр жаумайтынына ешкім кепіл бермейді қыркүйекте. Сентябрьде салатынына бізге ешкім гарантия бермейді.

Шағын ауданда 27 көше бар, оның біреуіне де асфальт төселмеген. Халықты сабырға шақыру атқамінерлерге оңай болмады. Биыл демеушілік қаражатпен екі көшеге тас жол төселетінін жеткізді.

Шапхат Қалиев, Атырау қалалық Қайыршақты селолық округының әкімі:

Осы уақытқа дейін қаражаттың мүмкіндігі болмай, осылай боп келді. Биыл 6,12 көшеге жол салынады. Келесі жылы 7 көшеге жол салынады.

Өмірбек Камалов, Атырау қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Конкурстық процедура. Бүгінгі күні хабарландыру жасалды НСОС-дан, шілденің аяғында, тамыздың басында жұмыс басталды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ