Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

М.Махмұтова: Катардағы мұнай саммиті рубль мен теңгеге әсер ете қоймайды

AstanaTV
15.04.2016ж. 20:00
1555
М.Махмұтова: Катардағы мұнай саммиті рубль мен теңгеге әсер ете қоймайды

Осы жексенбіде Катар астанасында өтетін мұнай державаларының жиыны әлемде экономикалық өзгерістер әкеле қоюы екіталай.  Жалпы ОПЕК-ке мүше мелекеттер мұнай өндірісін азайтып, сол арқылы қара алтынның бағасына оң ықпал етеді дегенге сену қиын, - дейді белгілі экономист Меруерт Махмұтова. Себебі экономикалық санкциялардан арылған Иран нарыққа мұнайын шығуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде қара алтын баррелінің 40 АҚШ долларынан ары қарай көтерілуіне жол бермесі анық.

Тиісінше қалыптасқан жағдай шикізатқа байланып отырған Ресей рублі мен теңгенің нығаюына да жол бермейді. Сондықтан алдағы күндері ұлттық валютаның АҚШ ақшасына қарағанда әлсіреуі қалыпты жағдай болып қала бермек. Бүгін бір АҚШ валютасы қор биржасының күндізгі сессиясында 334 теңге 96 тиын болып белгіленген. Айта кетейік, Дохадағы мұнай өндіруші елдер кездесуіне Қазақстан да қатысады.

Меруерт Махмұтова, экономист:

Бұл мемлекеттер осы келісімге келіп, қол қояды, ары қарай да өндірісті қысқартуға мүмкіншілік тудырады деп ойламаймын. Меніңше, жағдай осыған байланысты. Егер өндірісті қасқартып жаста, мұнай бағасы енді төмендемейді деген жоспар жасауға болар еді. Бірақ қазіргі мұнай барреліне 40 АҚШ доллары бұл елдерді қысып жатқан жоқ. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ