Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Медициналық мекемелер жеке секторға өткенмен, қызмет тарифі қымбаттамайды

AstanaTV
15.04.2016ж. 20:00
1636
Медициналық мекемелер жеке секторға өткенмен, қызмет тарифі қымбаттамайды

Медициналық мекемелер мемлекеттік-жеке серіктестік секторға берілгенімен, қызметтер ақысы өзгермейді. Өйткені инвестор жұмсаған қаражат шығыны Медициналық сақтандыру қоры есебінен жабылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов айтты.

Бүгін ұлттық кәсіпкерлер палатасында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестік туралы жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен еді. Әзірге мемлекеттік-жекеменшік секторға әлі бір де бір емхана мен аурухана өтпеген. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің ойынша, бұған құжаттарды рәсімдеудегі бюрократиялық кедергілер себеп. Дегенмен, Елжан Біртановтың айтуынша, медициналық мекемелерді салуға түрік және кәріс инвесторлары қызығушылық танытқан. Ал ана мен бала орталығы сынды ірі зерттеу орталықтары, туберкулез, СПИД диспансерлері, қан орталығы, жүйке аурулары мен инфекциялық ауруханалар жекенің қолына өтпейді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Қандай тарифтер бөлінеді. Біз қазір әлеуметтік сақтандыру мәселелерін әзірлеп отырмыз. Сол сақтандыру қорының ең үлкен бір мәселесі - тариф. Сол тарифтің ішіне инвестициялық компонент енгізіледі. Бұл жекеменшік инвесторларға өздерінің инвестицияларын қайтаруға мүмкіндік береді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ