АҚШ-та эпидахуал құбылып тұр. Әлемдік статистикалық порталдың мәліметі бойынша, Америкада 70 миллиондай адам коронавирус жұқтырған, 900 мыңға жуық адам қайтыс болған. Бірақ, АҚШ президенті Джо Байден елде локдаун болмайтынын және мектептерді жабу жоспарда жоқ екенін айтады.
Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Жағдай бір жыл бұрынғыға қарағанда жақсы. Карантинге қайта оралмаймыз. мектептер жабылмайды. Американдық құтқару жоспары арқылы біз штаттарға, студенттер мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін, мектептерді ашу үшін 130 миллиард доллар бөлдік.
Ал Грузияда Омикрон штаммы туризм саласын шығынға белшесінен батырды. Өткен жылы елге 2 миллионға жуық турист келсе, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 80 пайыз аз. Бұған дейін, эпидемиологтар жаңа штамнан үлкен қауіп болатынын ескерткен болатын. Бірақ билік оған құлақ аса қойған жоқ. Қазір Грузияда күніне 8 мыңнан астам адам ковид жұқтырып жатыр. Бұл індет басталғалы тіркелген антирекорд.
Амиран ГАМКРЕЛИДЗЕ, АУРУЛАР ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ:
Көңілге демеу болар жалғыз жаңалық - өлім-жітім төмендеп келеді. Коронавирус жұқтырғандардың тең жартысы «Омикронға» шалдыққан. Бұл көрсеткіш Тбилисиде 65 пайызды көрсетіп тұр.
Ә. Дүкембаева