Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанды президенті Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті

AstanaTV
20.01.2022ж. 20:00
1085
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанды президенті Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Олар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқыға салды. Сондай-ақ, тараптар екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жайын қозғады.  Әңгіме барысында өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Президенттер келіссөздер процесін екі ел Үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты.

Д. Жарқынбек