Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Нұр Отан» партиясы мүшелері бейнеконференция өткізді

AstanaTV
15.04.2016ж. 20:00
1709
«Нұр Отан» партиясы мүшелері бейнеконференция өткізді

«Нұрлы жол» бағдарламасына мемлекеттен бөлінген қаражаттың жұмсалу тиімділігін арттыру бойынша «Нұр Отан» партиясының фракция отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. Партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов осындай пәрмен берді. Айта өтейік, бүгін саяси ұйымның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшелері мен өңірлік филиалдар және барлық деңгейдегі мәслихаттардың партия фракциялары басшыларымен бейнеконференциясы өтті.

Келелі кездесуде Елбасының Саяси кеңес бюросында қойған 6 нақты қадамды іске асыру мәселелері талқыланды. Асқар Мырзахметов аталмыш міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызды екенін алға тартты. Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауда жұмыстарды жетілдіру керек деді.

Сондай-ақ отырыста  партия жанындағы сарапшылық топтардың жұмысы жалғасатыны белгілі болды. Сайлауалды бағдарламаны уақытылы әрі сапалы іске асыру мақсатында бағдарлама бағыттары бойынша партиялық тәлімгерлер жұмысы ұйымдастырылады. Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы, жемқорлыққа қарсы кеңестер мен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар да белсенді жүргізілетін болады. Сондай-ақ жастар саясаты да жаңаша қарқын алмақ. Кездесу қорытындысы бойынша партия төрағасының бірінші орынбасары, алда тұрған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер барын, қадап айтты.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА