Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шымкентте құрылыс алаңында жұмысшы бетонның астында қалып, көз жұмды

AstanaTV
24.01.2022ж. 20:00
1877
Шымкентте құрылыс алаңында жұмысшы бетонның астында қалып, көз жұмды

Шымкентте те құрылыс алаңында қайғылы жағдай болды. Жалдамалы жұмысшыны бетон плита басып қалды. 37 жастағы жігіт сол жерде көз жұмды.  

Төтеншеліктердің мәліметінше,  бағаналарға бекітілген бетон жабын кенеттен құлап кеткен. Ол сәтте  сонда болған  ер азамат қашып үлгермесе керек. Мамандар бетон астынан мәйітті алып шығу үшін кинологтың   көмегіне жүгінген.

Орынбасар ТӨРТБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ТЖД ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Келген құтқарушылар бұрынғы "көкөніс базасының" аумағында "Кулиев" ЖК тиесілі сауда үйінің құрылысы кезінде 400 шаршы метр алаңда бетон плиталарынан төбе жабынының құлауы орын алғанын анықтады. Оқиға орнында Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұмасы 1985 жылы туылған азамат бетон плиталарының астында қалды.

А. Төребекқызы