«Нұр
Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы туберкулезге қарсы диспансер
емделушілерінің дәрі-дәрмек және азық-түлікпен қамтамасыз етілуін бақылауына
алды. Партиялықтар сондай-ақ облыстық аурухананың құрылысын өз қадағалауында
ұстамақ.
Бүгін «Нұр Отан»
партиясының Өскемендегі өкілдері туберкулезге қарсы диспансерлердің асханаларын
тексерді. Себебі бұл ауыр дерттен айығудың бірден бір жолы - жақсы тамақтану.
Сырқат ағза күніне 6 мың калорий қабылдауы тиіс. Нұротандықтар диспансер
мәзірінің алуандығын тексеріп, асынан да дәм татты.
Майраш
Екібасова, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары:
Емделушілерге
берілетін астың сапасын өзім тексердім. Үйдің тамағынан кем емес. Ең бастысы - мәзірдің әзірленуі, калькуляция,
азық-түлік сапасы, дайындалуы барлық санитарлық талаптарға сай.
Дегенмен,
емделушілердің айтар наздары бар. Қалалық тубдиспансер ғимараты - тозығы жеткен,
ескі нысан. Эпидемиологиялық талаптарға да сай келмейді. Ғимараттың осыдан екі
жыл бұрын терезелері ауыстырылып, күрделі жөндеуден өткенімен, жаңа аурухана
тапшылығын түбегейлі шешкен жоқ. Ал ең бастысы, жаңа медициналық нысан халық тұратын
аумақтан 500 метр алшақ орналасуы тиіс. Ал бүгінгі диспансер тұрғын үйлермен
қатар орналасқан. Тексеріс барысында «Нұр Отан» партиясы өкілдері құрылыс
мәселесін бақылауға алатын боп шешті.
Динара
Садуақасова, ШҚО туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері:
Біздің
аурухана - тиісті талаптарға сай келмейтін еліміздегі жалғыз аурухана. Бізде
желілік тазалау жүйелері жоқ. Ғимарат 75-ші жылы бой көтерген. Біз
емделушілердің дертінен айығуға қолдан келгенді жасағанымызбен, бізге тәуелді
емес санитарлық талаптар бар. Олар өрескел бұзылып отыр.