Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Әскери полиция органдары туралы" заң жобасы таныстырылды

AstanaTV
25.01.2022ж. 20:00
594
"Әскери полиция органдары туралы" заң жобасы таныстырылды

Бүгін Парламент Мәжілісінде "Әскери полиция органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары  таныстырылды. Аталмыш заң жобасы әскери полиция органдарының өкілеттіктерін кеңейтуге, Қарулы Күштер мен әскери құрылымдарда құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған . Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуынша, қазіргі кезде Қарулы Күштердің әскери полициясы орындайтын бірқатар функциялар мен міндеттер заңнамалық деңгейде регламенттелмеген. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік саласында міндеттерді тиімді орындау мақсатында әскери полиция органдары әскерилерінің құқықтарын кеңейту ұсынылып отыр. Осы орайда оларға әскери бөлімшелер мен мекемелерде әскерилер мен азаматтық персонал тұлғаларының жеке басын куәландыратын құжаттарға тексеру жүргізу, әскердің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар орнына кіреберісте адамдардың заттарын, көліктерін және өткізетін жүктерін тексеру, қызметтік міндетін орындау кезінде бейнежазба техникалық құралдарын пайдалану құқы берілмек.

Сұлтан ҚАМАЛЕТДИНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Әскери полиция органдары туралы" заң жобасы әскери полиция органдарының өкілеттіктерін кеңейтуге  бағытталған.Осыған байланысты, заң жобасында әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ведомстволық бақылау функцияларын бекіту көзделеді. Қазіргі таңда Қарулы Күштердің әскери полициясы орындайтын бірқатар функциялары мен міндеттері заңнамалық деңгейде реттелмеген.


Д. Жарқынбек