Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған 11 адам босатылды

AstanaTV
25.01.2022ж. 20:00
652
Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған 11 адам босатылды

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған 11 адам бүгін уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Оларды бостандыққа шығару жұмыстарымен "аманат" қоғамдық комиссиясының мүшелері айналысқан. Ұсталғандардың барлығы изоляторға емдеу мекемелерінен жеткізілген. Сол жерден оларды қолында қаруы бар белгісіз азаматтар алып кеткен дейді алматылық Бақытбек Мұхаметұлы. Оқиға болған күні ол да үйден өз шаруаларымен шыққан көрінеді. Бірақ ойламаған сәтте аяғынан жараланған.

Бақытбек МҰХАМЕТҰЛЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Автоматпен келіп кімдер алып кеткенін білмеймін, Наркоздан оянып жатқан кезде алып кетті ғой.  Оқ тиді машинамен келе жатқан кезде. Оқ қабырғама тиді, мен білмеймін маған әлі не болғанын.

Саят ӘДІЛБЕКҰЛЫ, АЛМАТЫ қ. ТҰРҒЫНЫ:

Аманат деген комиссияға рахмет айтамыз. Шындықты тауып аяғына дейін болған нәрсені анықтап осылай шығарғандарыңызға рахмет.


Бүгін босатылғандардың жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар ма, жоқ па, ол тергеу барысында анықталмақ. Заңгерлер өзге де ұсталғандарға көмек көрсетілетінін жеткізді.

Абзал ҚҰСПАН, «АМАНАТ» ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сенбі күні ғана біз қол жеткіздік . Мемлекеттік хатшы Е. Кариннің қолдауымен. Қазіргі таңда прокуратурамен бірлесіп істерді алдыртып бірге шешім қабылдап жатырмыз. Әрине, ары қарай сотқа дейінгі тергеу жүреді. Соңғы шешім сонан кейін шығады. Ал қазір олар қаладан ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүреді.


Ә. Лесбек