Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

AstanaTV
22.06.2016ж. 20:00
3716
«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

Мүшелері көп бастауыш партия ұйымдарында топтар құрылуы керек. Ал «Жас Отан» қатарына белсенді топтар ғана емес, барлық жастар жұмылдырылғаны жөн. Бұл мәселелер бүгін «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалында өткен Саяси кеңес бюросының кеңейтілген отырысында қаралды.

Күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша жиналғандарға есеп берген «Атырау мұнай өңдеу зауыты» кәсіпорнының бастауыш партия ұйымы төрағасының сөзінше, 2002 жылы құрылған партия ұйымының бүгінде 1200-ден астам мүшесі бар. Аптасына екі рет қоғамдық қабылдау өткізіп келеді. Нәтижесінде партияның сайлауалды тұғырнамасында айтылған мақсат-міндеттер орындалып жатқанын жеткізді. Былтырғы жылдың қорытындысымен  зауыттың бастауыш ұйымы елде үздік танылып, екінші орынды иеленген.

Кенжебек Шахметов, Атырау мұнай өңдеу зауыты бастауыш партия ұйымының төрағасы:

Жобаның ішінде үлкен ардагерлер жобасы бойынша, жастар арасында жасалып жатқан жұмыстар бойынша, көмек көрсетіліп жатқан балалар үйлері бар, ардагерлер үйлері бар, я болмаса қиын жағдайға бүгінгі түсіп отырған қала тұрғындарына көмегімізді жасап отырмыз. Әрі қарай да жұмысымыз жалғасады деп есептеймін.

Мүшелері бес жүзден астатын кәсіпорындарда бастауыш партия ұйымы ішінен топтар құрылу керек. Бұл халық партиясының әр бағдарламасы мен әр бастамасы әрбір мүшесіне қолжетімді болуына көмектеседі. Осындай ұсыныс айтқан партияның Атырау қалалық филиалының төрағасы Нұрлыбек Жұмахметов "Жас Отан" жастар қанатында осы жұмысқа ат салысуын ескертті.

Нұрлыбек Ожаев, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының төрағасы, Атырау қаласының әкімі:

Тек қана бір белсенділердің арасында жүргізілетін жұмыс емес қой бұл. Жалпы жастардың барлығына ықпал ету мақсатында ауқымды, жүйелі жұмыстарды қалыптастыру керек. Әр сала бойынша жастардың заманға сәйкес талабының үрдісінен шығу үшін,  өздерінің жұмыс бағыттарын қайта қарау керек деп есептеймін. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ