Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Ұлы дала азаматтары» автошеруі өтеді

AstanaTV
22.06.2016ж. 20:00
2053
«Ұлы дала азаматтары» автошеруі өтеді

«Ұлы дала азматтары». Шілденің 4-і мен 12-і аралығында осындай атаумен халықаралық автошеру еліміздің түпкір-түкпірін аралайды. Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналады. Оны «Генералдар кеңесі» мен «Нұр Отан» партиясы бірлесіп өткізбек. Шеру Алматыдан бастау алады, әрі қарай Бішкекке барады. Оған қырғыз елінің азаматтары қосылып, Қазақстанның біраз қалаларын аралайды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан жерінде 4 дивизия құрылған. Олар Мәскеу мен Сталинград түбіндегі шайқаста асқан ерлікпен көзге түскені белгілі. Тарихи құжаттарда қазақтардың жауға еркімен берілгені туралы мәлімет мүлдем кездеспейді. Демек, қазақ жауынгері соңғы демі үзілгенше беріспеген. Автошеру батыр сарбаздардың ерлігін дәріптеуді көздейді. 

Еділ Мамытбеков, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгін 22 маусым осыдан 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталған. Оған қазақстандықтардың қандай үлес қосқаны туралы насихаттау мақсатында болайын деп жатыр. Бүкіл Қазақстан қалаларында өтетін болады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ